Каирде "Мұсылман бауырластығы" ұйымы кеңсесін басып алды

Фотография - Каирде "Мұсылман бауырластығы" ұйымы кеңсесін басып алды

Египетте оппозициялық шерушілер дүйсенбіде Каирдегі "Мұсылман бауыртастығы" қозғалысының штаб-пәтерін басып алып, өрт қойды. Шерушілер кеңсенің ткерезесінен жиһаздарды лақтырып, штаб-пәтерді тонады

190 0

Египетте оппозициялық шерушілер дүйсенбіде Каирдегі "Мұсылман бауыртастығы" қозғалысының штаб-пәтерін басып алып, өрт қойды. Шерушілер кеңсенің ткерезесінен жиһаздарды лақтырып, штаб-пәтерді тонады.

Жексенбіде Каирде және Египеттің басқа да қалаларында жүз мыңдаған адам көшеге шығып, президент  Мұхаммед Мурсидің отставкаға кетуін талап еткен. Мурси - "Мұсылман бауырластығы" саяси қозғалысының белді өкілі.

Мұхаммед Мурсидің қарсыластары оны "Мұсылман бауырластығындағы" жақтастарына билікті беріп қойды және елді экономикалық тығырықтан шығара алмай отыр деп айыптайды.

Мурси билікке келген бір жылдан бері елде оның отставкаға кетуін талап еткен мұндай үлкен наразылық шерулері болмаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!