Путин Сноуденге Ресейде қалу үшін шарт қойды

Фотография - Путин Сноуденге Ресейде қалу үшін шарт қойды

Ресей президенті Владимир Путин Эдвард Сноуден "бір шартты орындаса, Ресейде қала алатынын" мәлімдеді. Путиннің айтуынша, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қуғындағы бұрынғы қызметкері "америкалық әріптестеріне қарсы жұмыс істеуін доғаруы тиіс"

188 0


Ресей президенті Владимир Путин Эдвард Сноуден "бір шартты орындаса, Ресейде қала алатынын" мәлімдеді. Путиннің айтуынша, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қуғындағы бұрынғы қызметкері "америкалық әріптестеріне қарсы жұмыс істеуін доғаруы тиіс". 

Путин "Сонуден Ресей арнайы қызметімен бірге жұмыс істеп жатыр" деген пікірлерді жоққа шығарды. Оның сөзінше, Сноуден өзін "адам құқықтары үшін күресуші" ретінде санайды.

Сноуден америкалық барлау қызметінің электронды және телефон байланыстарына тыңшылық жасайтын бағдарламасы туралы ақпаратты жария еткен еді. Бағдарлама үлкен халықаралық жанжал тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылық білдірген.

Путин Мәскеу Сноуденді АҚШ-қа беруге ынталы емес екенін, "Ресей ешқашан ешкімді ұстап бермейтінін" айтты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!