Қырғызстанда 355 қойға найзағай түскен

Фотография - Қырғызстанда 355 қойға найзағай түскен

Найзағайдың қатты соққысынан республиканың оңтүстігінде қой отары зардап шекті

267 0

Найзағайдың қатты соққысынан республиканың оңтүстігінде қой отары зардап шекті, деп хабарлайды Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 маусым күні Ош облысының Қарақұлжа ауылының Ұлар-Тоо жайлауында 355 қой найзағай түсіп өлген.

Найзағай түскен сәтте отардағы 1102 қойды ауылдың 59 жастағы бақташысы мен оның 18 жастағы көмекшісі бағып жүрген. Аталған жағдай бойынша тиісті акті толтырылған.

K-News -тің хабарлауынша Қарақұлжа ауылы әкімшілігінің жетекші маманы Саратбек Маткадыров: «Найзағай 355 қойды өлтірді. Барлық қойлар 10 метр радиустағы аралықта өлген және оқиға болған жер жарты метрге дейін опырылып түскен. Біз мұндайды бұрын-соңды көрген емеспіз» деген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!