Темекіден арылу үшін басын торға тыққан

Фотография - Темекіден арылу үшін басын торға тыққан

Шылым шекпесе тұра алмайтын 42 жастағы Ибрахим Юджеп жат әдеттен құтылу үшін мотоцикл шлеміне ұқсас етіп жез сымнан тор тоқыпты

219 0

Шылым шекпесе тұра алмайтын 42 жастағы Ибрахим Юджеп жат әдеттен құтылу үшін мотоцикл шлеміне ұқсас етіп жез сымнан тор тоқыпты.

Ибрахимнің темекі тартып келе жатқанына ширек ғасырдан асты. Жат әдеттен арылуға ниеті болғанымен, жеме-жемге келгенде қауқарсыз болып қалады... Айтулы күндері, яғни, жан жарының, бауыр еті балаларының туған күнінде осынау жат әдеттен арылуға талай рет уәде беріп те көрді. Алайда, оның бұл тілегі тек ниет күйінде ғана қалды.

Ибрахимнің әкесі биыл өкпе обырынан дүниеден озды. Мұның өзі оған сабақ болатын емес. Десе де, өмірін түбегейлі өзгертуге бел байлағаны анық еді. Сол себепті, шылым шекпес үшін осындай амал ойлап тапты. Ол көшеге шығарда торды басына киіп алуды ойластырып отыр. Әлбетте, оны құлыптап тастайды. Кілттің біреуін әйеліне, тағы біреуін қызына тастап кетеді. 

«Сенесіздер ме, бүгін менің ең бақытты күнім. Мына тор темекі тартуыма бөгет жасайды. Сол себепті, өзімді әлемдегі ең бақытты адам санаймын. Бір Аллаһтың атымен сөз беремін. Мүлдем шылым шекпейтін боламын. Алланың көмегімен. Қолымды қасиетті Құранға қойып тұрып, серт беремін. Егер сөзімде тұрмайтын болсам, мені Алла жазаласын. Күні бойы осы тормен жүретін боламын. Егер қарным ашатын болса, тордың ішінде бірнеше крекетім бар. Ал шөлдесем, трубка бар ғой», – депті ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!