Радикалды ағымдардың мүшелері сотталды

Фотография - Радикалды ағымдардың мүшелері сотталды

Біріккен араб әмірліктерінің Федералды жоғарғы соты бүгін 64 діни ағым мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырды

233 0

Біріккен араб әмірліктерінің Федералды жоғарғы соты бүгін 64 діни ағым мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырды. Оларға мемлекетке қастандық жасады деген айып тағылған. Жалпы, сот ісі бойынша «Әл-Ислах» радикалды тобының 94 мүшесі жауапқа тартылды. Бұл ұйым «Мұсылман бауырлар» қозғалысымен қоян-қолтық жұмыс істейдің екен. Ал «Мұсылман бауырлар» ұйымының БАӘ-де әрекет етуіне заңмен тыйым салынған. 8 адам 15 жылға, қалған 56 айыпталушы 3-тен 10 жылға дейін түрмеде отыру жазасына кесілді. 26 эмираттық ақталып шыққан. Олардың барлығы өткен жылдың шілде айында экстремизмге қатысы бар деген күдік бойынша қамауға алынған болатын.

Жергілікті сарапшылардың айтуынша, биліктің бұл шарасы аймақтағы «Араб көктемінің» әсерінен күшейіп келе жатқан радикалды көріністер Біріккен араб әмірліктеріндегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін деген қауіптен туындаған. Соңғы бір жылдың ішінде БАӘ құқыққорғаушылары «Мұсылман бауырлар» ұйымымен байланысы бар ондаған адамды тұтқындаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!