Әскерилер Египетте жаңа сайлаулар белгілеуі мүмкін

Фотография - Әскерилер Египетте жаңа сайлаулар белгілеуі мүмкін

Египетте әскерилер егер президент Мұхаммед Мурси оппозициямен келісе алмаған жағдайда елде уақытша үкімет тағайындап, жаңа президент сайлауын өткізу жоспарын жасап жатыр. Жаңа сайлау өткізу үшін конституцияның қызмет ету күші тоқтатылмақ.

286 0

Египет қарулы күштерінің басшылығы дүйсенбі күні үкіметке сәрсенбіге дейін саяси диалог орнатуға ультиматум қойған. Ультиматум орындалмаған жағдайда әскерилер бейбітшілік орнату жоспарын орындауға кіріспек. Оппозициялық күштер келіссөздерді жүргізетін өкілі ретінде Мұхаммед әл-Барадеиді ұсынды.

Мурсидің қарсыластары президентке отставкаға кету туралы қойған талаптарының мерзімі біткен соң Каирдің Тахрир алаңына тағы жиналды. Ал Мурсидің жақтастары Каирдің Наср ауданына жиналды. "Мұсылман бауырластығы" ұйымы жетекшілерінің бірі Мұхаммед әл-Белтаги мемлекеттік төңкерісті болдырмау үшін "азап шегуге" дайын болуға шақырды.

Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!