Славяндық және кавказдық авторитеттер арасында соғыс оты тұтанды

Фотография - Славяндық және кавказдық авторитеттер арасында соғыс оты тұтанды

Славяндық және кавказдық авторитеттер арасында үлкен дау туды. Бұл жағдай тез реттелмесе, арты қылмыскерлер әлемінде соғысқа ұласуы мүмкін.

272 0

Славяндық және кавказдық авторитеттер арасында үлкен дау туды. Бұл жағдай тез реттелмесе, арты қылмыскерлер әлемінде соғысқа ұласуы мүмкін.

Мәскеу орталығындағы мейрамханалардың бірінде даулы істі шешу үшін бір топ гангстер жиналады. Криминал әлемінің беделділері Мамука Чкадуа (Галдық Мамука) мен Георгий Сорокин (Ташкенттік Жора) тобы сөзге келіп, арты қоян-қолтық төбелеске ұласады.

Құқыққорғау органдарының мәліметіне сәйкес, Чкадуа «ЗАҢДАҒЫ ҰРЫ» (Вор в законе) Гела Кардаваның жақын досы. Кардава «қылмыскер» Дмитрий Чантуримен (Мирон) бірлесіп, марқұм Аслан Усоянның (Дед Хасан) кланын басқарады. Сорокин – «қылмыс әлемінің генералы», славян гангстерлерінің жетекшісі Алексей Забавиннің (Забава) ескі досы.

«Бұл оқиғадан соң қылмыс әлемінде шиеленісті жағдай туындады. Мамуканың айтуынша, егер Кардава жанжалға араласса, онда Забава да Ташкенттік Жораның жағына өтеді. Ал Забаваға қатер төнген жағдайда, оған белгілі славян қылмыскерлері: Аксен, Петрик, Шишкан, Тюрик және т.б. қолдау көрсетеді. Бұл жағдайда ұзақ та қанды қырғын басталады».

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!