Канада үкіметі: Терактінің алды алынды

Фотография - Канада үкіметі: Терактінің алды алынды

Канада үкіметі "Әл-Қаида" ұйымы жоспарлаған терактінің" алдын алғанын хабарлады

232 0

Канада үкіметі "Әл-Қаида" ұйымы жоспарлаған терактінің" алдын алғанын хабарлады.

Британиялық Колумбия провинциясы полициясының ақпараты бойынша, теракті дайындады деген күдікпен канадалық бір ер мен бір әйел тұтқындалған. Полиция оларды ұлттық мейрам - Канада күнінде Британиялық Колумбия астанасы, Тынық мұхиты жағалауларында орналасқан Виктория қаласындағы парламент үйін жармақ болды дейді. 

Провинция полициясы тұтқындалғандардың  "Әл-Қаидамен" байланысына қатысты қосымша ақпаратты жария етуден бас тартты. Құқық органдары бұл оқиғаның 15 сәуірде Бостондағы марафон кезінде болған жарылыспен байланысы бар-жоғына қатысты қандай да бір ақпарат жоғын айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!