Ресей мен Қытай біріккен әскери жаттығулар өткізеді

Фотография - Ресей мен Қытай біріккен әскери жаттығулар өткізеді

Ресей мен Қытай ақпарат құралдары екі ел жұма, 5 шілдеде Тынық мұхиты жағалауында бірлескен әскери теңіз жаттығу бастайтындарын хабарлады. Жаттығу 12 шілдеге дейін созылмақ

275 0


Ресей мен Қытай ақпарат құралдары екі ел жұма, 5 шілдеде Тынық мұхиты жағалауында бірлескен әскери теңіз жаттығу бастайтындарын хабарлады. Жаттығу 12 шілдеге дейін созылмақ.

Қытайдың ресми Xinhua агенттігінің сәрсенбіде хабарлауынша, Қытай армиясы бас штабының басшысы, генерал Фан Фэнхуй әскери жаттығулар "үшінші елге қарсы бағытталмағанын, тек аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейтінін" айтады. 

Ресей әскери теңіз күштерінің өкілі жаттығуға 20 әскери кеме мен 10 ұшақ қатысатынын мәлімдеді.

Xinhua жаттығуға қатысатын Қытай әскерилерін "Қытайдың өзге елмен біріккен әскери жаттығуға қатыстырып отырған ең көп әскери теңіз күштері контингенті" деп атады.

Ресей мен Қытай әскери теңіз жаттығуларынан соң 27 шілде мен 15 тамыз аралығында Ресейде терроризмге қарсы біріккен жаттығулар өткізбек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!