Каримовтың қызы АҚШ-тағы ең қымбат үйлердің бірін сатып алды

Фотография - Каримовтың қызы АҚШ-тағы ең қымбат үйлердің бірін сатып алды

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың кіші қызы 58 млн. доллар тұратын АҚШ-тағы ең қымбат үйлердің бірін сатып алды

221 0

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың кіші қызы 58 млн. доллар тұратын АҚШ-тағы ең қымбат үйлердің бірін сатып алды, деп хабарлайды CA-NEWS.

34 жасар Лола Каримова-Тилляева Калифорнияда орналасқан ең үлкен үйлердің бірі Le Palais-ті сатып алды. Француз сарайы стилінде салынған жекежайды салуға әртүрлі технологиялар мен заманауи интерьер пайдаланылған. Үйдің жобасын әйгілі дизайнер Мохаммед Хадид жасаған. Алғашында дизайнер үйді өзі тұру үшін салған, алайда кейіннен сатуға бел буған.

Le Palais алаңының аумағы 48 мың шаршы метр. Ол көпқабатты Hotel Beverly Hills қонақ үйінің дәл қарсы бетінде орналасқан. Үйдің ішінде 7 жатын бөлме, 11 ванна бөлмесі бар.

Үйде түрік үлгісінде салынған хаммам, ұзындығы 30 метр хауыз, монша және массаж бөлмесі, астыңғы қабатта 10-12 көлікке арналған жер асты гаражы бар.

Каримова-Тилляева бұрын күйеуі Темірмен және үш баласымен бірге жылжымайтын мүлік магнаты Брюс Маковскидің Beverly Park вилласын айына 100 мың долларға жалға алып тұрған.

2010 жылы Каримовтар-Тилляевтер Швейцариядан 41 млн. долларға үй сатып алған. Өзбек президентінің үлкен қызы Гүлнар Каримованың да 2009 жылы Швейцарияда 18,2 млн сатып алған жекежайы бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!