Өз анасы мен қарындастарын өлімге қиған қанішер

Фотография - Өз анасы мен қарындастарын өлімге қиған қанішер

Пәкістандық азамат өз анасы мен 15 және 16 жасар екі қарындасын жаңбырлы күні ұлттық киіммен билегені үшін араға адам салып, өлтіруге тапсырыс берген.

240 0

Пәкістандық азамат өз анасы мен 15 және 16 жасар екі қарындасын жаңбырлы күні ұлттық киіммен билегені үшін араға адам салып, өлтіруге тапсырыс берген.

Нұр Басра, Нұр Шеза және олардың анасы Ношехра билеп жатқан кезде түсірілген бейнежазба пайда болғаннан кейін жарты жыл өткенде оларды атып кеткен.

22 жасар азамат адам өлтіруге қатысы бар деген айыппен сотталды. «Біздің ақпаратымыз бойынша, екі қызға өз отбасын масқара етті деп айып тағылып, ату жазасына бұйырылған», - деп хабарлайды полицейлер.

Естеріңізге саламыз, 2012 жылы Пәкістанда 4 әйел той үстінде ән айтып, еркектермен билегені үшін өлім жазасына кесілген болатын. Пәкістанда мұсылман еркектер мен әйелдерге билеуге тыйым салынған. Құқыққорғаушылардың ақпараты бойынша, Пәкістанда жыл сайын мұндай қылмыс жасаған мыңнан астам адамға өлім жазасы тағайындалады. Алайда, олардың 77 пайызы ақталады екен.

 


Тегтер:

пакистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!