Египет әскері Мурсиді биліктен шеттетті

Фотография - Египет әскері Мурсиді биліктен шеттетті

Египеттің қарулы күштері 3 шілде күні елдің конституциясының күшін жойып, жаңа президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді.

267 0

Египеттің қарулы күштері 3 шілде күні елдің конституциясының күшін жойып, жаңа президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді.

Мухаммед Мурсидің исламшыл үкіметіне қарсы бірнеше күн бойы шеруге шыққан миллиондаған египеттіктердің наразылығы оның билігін жойып тынды.

Египет әскерінің басшысы Абдел Фаттах әл-Сиси жаңа президент сайланғанша Конституциялық кеңестің төрағасы президенттік жарлықтар шығаратынын, уақытша үкімет технократ министрлерден жасақталатынын мәлімдеді.

Жаңа сайлаудың қашан өтетіні туралы анық ештеңе айтылмады.

Мухаммед Мурси Facebook парақшасында болған жағдайды "әскери төңкеріске" балап, бұл іс-әрекеттердің құпталмайтынын жазды.

3 шілде күні әл-Сиси либерал оппозициялық саясаткер Мухаммад Әл-Барадеймен, әл-Азһар университетінің бас шейхімен және жергілікті христиандар қауымының жетекшісімен жолыққан.

Сол күні Мурсидің жақтастары Каирдің шығыс бөлігіндегі Наср ауданына жиналған. Елдің ішкі істер министрлігі кез-келген тәртіпсіздікті қатаң түрде басып-жаныштайтындарын мәлімдеген.

2 шілде күні Каирде болған қақтығыс кезінде 23 адам өлген еді. 30 маусым күні басталған қарсылық акциялары кезінде жалпы саны 39 адам қаза тапқан.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!