Түркия соты Таксимдегі құрылысқа тыйым салды

Фотография - Түркия соты Таксимдегі құрылысқа тыйым салды

Түркия соты Стамбулдағы Таксим алаңын көркейту жоспарына тыйым салды.

177 0


Түркия соты Стамбулдағы Таксим алаңын көркейту жоспарына тыйым салды.

Reuters агенттігі бұл туралы шілденің 3-і хабарлады. Агенттік мәліметі бойынша, "сот шешімі маусым айының басында шыққан". Бірақ оның неге кеш жарияланғаны белгісіз.

Алайда билік өкілдері шерушілердің бірнеше аптаға созылған қарсылығына қарамастан, сот шешіміне шағымданатындарын айтып отыр.

31 мамыр күні Стамбулдағы Гези паркіндегі құрылысқа, атап айтқанда парктегі ағаштарды кесуге қарсы белсенділер акциясы болды. Полиция бейбіт шеруді күшпен таратқан соң, бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған. Шерулер біртіндеп үкіметке қарсы сипат алып, шерушілер Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап етті.

Билікке келгеніне 10 жыл болған Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған мен ол басқаратын "Әділет және даму" партиясы үшін бұл қарсылық шерулері ең басты проблемаға айналды.

Наразылықтар кезінде 4 адам қаза тауып, жеті 7 мыңнан астам адам жараланды.

 


Тегтер:

түркия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!