«Ағайынды мұсылмандардың» белсенділері тұтқындалып жатыр

Фотография - «Ағайынды мұсылмандардың» белсенділері тұтқындалып жатыр

Әскерилер тақтан тайдырған Мысыр президенті Мохаммед Мурси ұсталды. Қазір ол үіметтің қолында, деп хабарлайды «Ағайынды мұсылмандар» діни-саяси қозғалысының өкілдері

249 0

Әскерилер тақтан тайдырған Мысыр президенті Мохаммед Мурси ұсталды. Қазір ол үіметтің қолында, деп хабарлайды «Ағайынды мұсылмандар» діни-саяси қозғалысының өкілдері.

Бұдан бұрын келіп түскен ақпарат бойынша, М.Мурсиді республикалық гвардияның қызметкерлері Мысырдың әскери барлау ғимаратына жетікізген болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мысырдың қауіпсіздік қызметі «Ағайынды мұсылмандардың» белсенділерін тұтқындауды бастады. 300-ге тарта қозғалыс белсендісін ұстау туралы шешім қабылданды.

Бұрын хабарланғанындай, «Ағайынды мұсылмандардың» жетекшісі Мухаммед Бади, оның орынбасары Рашад аль-Байюми және «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысы базасында құрылған Бостандық және әділдік партиясының басшысы Саад аль-Кататни тұтқындалған еді. «Ағайынды мұсылмандардың» екінші басшысы Хейрат аш-Шатер Хургада қаласында ұсталды.

Мысыр қорғаныс министрі Абдель Фаттах ас-Сисси елдегі конституцияны тоқтатып, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді жариялады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!