Рамазан айында БАӘ-де азық-түлiк өнiмдерi 50% жеңiлдiкпен сатылады

Фотография - Рамазан айында БАӘ-де азық-түлiк өнiмдерi 50% жеңiлдiкпен сатылады

Біріккен Араб Әмірліктерінің сауда орталықтары мен әмбебап дүкендерінде азық-түлік өнімдерінің 60 түріне 50% жеңілдік жасалады

155 0

Біріккен Араб Әмірліктерінің сауда орталықтары мен әмбебап дүкендерінде азық-түлік өнімдерінің 60 түріне 50% жеңілдік жасалады,

деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Елдің Экономика министрлігінің хабарлауынша, азық-түлік өнімдерінің басқа түрлеріне жеңілдік жасалмаса да, Рамазан айы бойы бағасы көтерілмейді. 50% жеңілдік жасалған тағам түрлерінің жиынтығын жергілікті тұрғындар барлық БАӘ-нің дүкендерінде кездестіре алады.

Сонымен қатар, қайырымдылық мекемелерінің ұйымдастыруымен 300-500 дирхам (1$ - 3,67 БАӘ дирхамына тең) сомасының көлеміндегі арнайы купондар таратылады. Бұл купонның арқасында жергілікті халық оразаға арналған тағам өнімдерінің жиынтығын сатып алатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!