Гүлнар Каримованың Франциядағы үйі тексеруге алынды

Фотография - Гүлнар Каримованың Франциядағы үйі тексеруге алынды

Тінту құжаттарды тексеру мен мүлікті тәркілеу мақсатында жүргізілген. Тексеріс жасауды Өзбекстанның бірқатар азаматтарына қатысты тергеу жүргізіп жатқан Швейцария прокуратурасы сұраған

240 0

Франция полициясы Ислам Каримовтың қызының үйіне тінту жасады, деп хабарлайды Astana TV теларнасы Швейцариялық «ТТ» агенттігіне сілтеме жасап.

Тінту құжаттарды тексеру мен мүлікті тәркілеу мақсатында жүргізілген. Тексеріс жасауды Өзбекстанның бірқатар азаматтарына қатысты тергеу жүргізіп жатқан Швейцария прокуратурасы сұраған.

Ал, Гүлнар Каримованың өзі бұл қатарда болмағанымен, тергеу жүргізіліп жатқан азаматтармен байланысы болғаны анықталды. Тексеріс нақ қай жерде болғаны әзірге белгісіз. Анығы, тінту кезінде Гүлнар Каримова кәрі құрлықта жүрген, тінтуді естіген бетте Өзбекстанға қайтқан.

Айта кетейік, Гүлнар Каримованың еншісінде Париж қаласындағы зәулім үй мен Сан-Тропе шипажайындағы вилла бар. Бұл нысандарды Өзбекстан Президентінің қызы 95%-на иелік ететін екі компанияның қаржысына сатып алған. Ал, аталған компанияға швейцарлықтар күдіктеніп отырған Алишер Эргашев басшылық ететін көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!