Египетте "исламшылдар" жұртты шеруге шақырды

Фотография - Египетте "исламшылдар" жұртты шеруге шақырды

Египеттің "Мұсылман бауырлар" қозғалысы биліктен шеттетілген президент Мурсидің жақтастарын шеруге шығуға үндеді

190 0

Египеттің "Мұсылман бауырлар" қозғалысы биліктен шеттетілген президент Мурсидің жақтастарын шеруге шығуға үндеді.

Египет әскер басшылары 3 шілде күні ел президенті Мұхаммед Мурсиді "халықтың талабын орындамағаны үшін" қызметінен алып, жаңа сайлау өтетінін мәлімдеген.

Бейсенбіде "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жетекшілері, оның ішінде ұйымның рухани көсемі Мұхаммед Бадидің де тұтқындалғаны туралы хабар тараған еді.

"Мұсылман бауырлар" жақтастарын жұма намазынан соң бейбіт шеруге шығуға, әскери төңкеріс пен тұтқындауға қарсылық білдіруге шақырып отыр.

Бейсенбіде Египет конституциялық сотының төрағасы Адли Мансур президент міндетін уақытша атқаруға кірісті. Ол "Мұсылман бауырлар" - Египет халқының бір ғана бөлігі" екенін айтып, "мемлекет құру ісіне олардың да көмектесуіне ешкімнің кедергі болып отырмағанын" мәлімдеді.

Египет қарулы күштерінің басшылары "азаматтардың бейбіт шеруге шығу құқықтарын шектемейтінін, бірақ ол акциялар мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс екенін" ескертті.

30 маусымнан бастап Египет тұрғындары Мұхаммед Мурсиге қарсы бірнеше күн бойы шеруге шыққан еді. 2 шілде күні Каирде болған қақтығыс кезінде 23 адам өлген еді. Ал бірнеше күнге созылған қарсылық акциялары кезінде жалпы саны 39 адам қаза тапқан. Осы оқиғалардан кейін әскерилер президентке наразылармен келісімге келу туралы талап қойды. Мурси ол шартты орындамағаннан соң, әскер басшылары оны биліктен тайдырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!