Египетте қарулы шабуылдан сарбаз қаза тапты

Фотография - Египетте қарулы шабуылдан сарбаз қаза тапты

Египеттің Синай түбегінде, Газа секторымен шекарада, 5 шілде күні таңертең қарулы адамдардың шабуылынан бір египет сарбазы қаза тауып, екі сарбаз жараланды

135 0


Египеттің Синай түбегінде, Газа секторымен шекарада, 5 шілде күні таңертең қарулы адамдардың шабуылынан бір египет сарбазы қаза тауып, екі сарбаз жараланды.

Шабуыл жасағандар исламшыл топ өкілдері деген болжам бар.

Египетте 3 шілде күні әскерилер исламшыл президент Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Бұл шабуылдың әскерилер әрекетіне наразылық ретінде болғаны, немесе басқа мақсатта жасалғаны белгісіз.

Египет әскер басшылары осыдан екі күн бұрын үкіметке қарсы наразылықтарға байланысты президентті қызметтен шеттетіп, елде жаңа сайлау өтетінін мәлімдеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!