Қытайда әлемдегі ең үлкен ғимарат салынды

Фотография - Қытайда әлемдегі ең үлкен ғимарат салынды

Қытайлықтар әлемді таң қалдырудан жалығар емес. Сычуань провинциясының орталығы Чэнду қаласында әлемдегі ең үлкен ғимарат бой көтерді. Ол Пентагоннан үш есе және Сидней опера театрынан 20 есеге үлкен

322 0

Қытайлықтар әлемді таң қалдырудан жалығар емес. Сычуань провинциясының орталығы Чэнду қаласында әлемдегі ең үлкен ғимарат бой көтерді. Ол Пентагоннан үш есе және Сидней опера театрынан 20 есеге үлкен. 

"Жаңа ғасыр" деп аталатын осынау ғимараттың көлемі 1,76 миллион шаршы метр. Ал, ұзындығы - 500, ені - 400 және биіктігі 100 метрді құрайды.

Мегажобаның құрылысына тура үш жыл уақыт кетті. Оның авторы әйгілі сәулетші Захи Хадид.

Ғимарат ішінде кеңселер мен дүкендер, "Жерорта теңізі" деп аталатын бір ауыл, 14 залы бар кинотеатр, әлемдік деңгейдегі спорттық мұз айдыны бар. Сонымен қатар, Жұмақ аралы деген атау алған аквапарк те осы орталықтан орын тепкен.

"Жаңа ғасыр ғимараты" Чэнду қаласының жаңа мөлтекауданынан салынып отыр. Оның маңында заманауй зәулім ғимараттар көз жауын алады. Енді қытайлықтар осынау қала маңынан алып әуежай салуды да жоспарлап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!