Мурси жақтастары жараланғандарын айтады

Фотография - Мурси жақтастары жараланғандарын айтады

5 маусымда Каирде Египеттің қызметінен қуылған президенті Мұхаммед Мурси отырған әскери казарманы жүздеген жақтастары қоршап алып, оны босатуды талап етті.

159 0


5 маусымда Каирде Египеттің қызметінен қуылған президенті Мұхаммед Мурси отырған әскери казарманы жүздеген жақтастары қоршап алып, оны босатуды талап етті.

Мурсидің бірнеше қолдаушысы оқ тиіп, жараланғандарын айтады. Бірақ атысты әскерилер бастады ма, әлде Мурси жақтастары бірінші оқ атты ма - белгісіз.   

4 күннен бері Египеттің орнынан алынған президенті Мурси ел астанасы Каирдегі әскери казармада күзет астында отыр. Оны Египеттің әскер басшылары  3 шілдеде орнынан алған еді.

Мурси жақтастары бұрынғы президентті қолдайтын азаматтарды шеруге шығуға шақырған. Жұма намазынан кейін Каир және Египеттің басқа қалаларында бұрынғы президентті қолдап, көшеге шыққан жұрттың қарасы мол болған. 

5 маусымда Египеттің Газа секторымен шекарасында қарулы адамдардың шабуылынан бір египет сарбазы қаза тауып, екі сарбаз жараланды. Шабуыл жасағандар Мурсиді қолдайтын исламшыл топ өкілдері деген болжам бар.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары египеттіктерді "жаппай тұтқындаулардан, күш қолданудан, заңсыз кек қайтару әрекеттерінен" сақтандырып, Египеттің "қауіпті өтпелі кезеңде" тұрғанын ескертті. 

Әзірге әскери төікерісті Мурси жетекшілік ететін "Мұсылман бауырлар" партиясы мойындамай отыр. Партияның сыртқы істер жөніндегі өкілі Абдел-Рахман жұма күні "Біз бұл әскери төңкерісті мойындамаймыз және күш қолданып жасалған төңкерісті мойындамаудың бейбіт тәсілдеріне сүйенеміз. Египетте ел басқарудың бейбіт амалдары ғана жасалуы тиіс" деп мәлімдеді. 

Алайда Мурсиді биліктен тайдырған әскерилердің өз уәждері бар. Олар мұны ел қауіпсіздігі үшін істедік деп мәлімдеген.

30 маусымнан бастап Египет тұрғындары Мұхаммед Мурсиге қарсы бірнеше күн бойы шеруге шыққан еді. 2 шілде күні Каирде болған қақтығыс кезінде 23 адам қайтыс болды. Бірнеше күнге созылған қарсылық акциялары кезінде жалпы саны 39 адам қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін әскерилер президентке 3 күн ішінде (3 шілдеге дейін) наразы жақпен келісімге келу туралы талап қойды. Президент шартты орындамағаннан соң, әскер басшылары оны биліктен тайдырды.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!