Стамбулда полиция мен наразылар қақтығысты

Фотография - Стамбулда полиция мен наразылар қақтығысты

Түркияның Стамбул қаласында 3 мыңға жуық адам Таксим алаңына жиналмақ болған. Оларды алаңға жібермеу үшін полиция көз ашытатын газ шашып, су атқылады. 

139 0

Түркияның Стамбул қаласында 3 мыңға жуық адам Таксим алаңына жиналмақ болған. Оларды алаңға жібермеу үшін полиция көз ашытатын газ шашып, су атқылады. 

Полициямен қақтығыс шерішулер Гези паркіне бет алған шақта басталған. Олардың алдын полиция кес-кестеп, тоқтатуға тырысқан.  

Гези паркін полиция жаппай наразылықтар басталған 15 маусымнан бері қоршап тұр. 

Алғашқыда парктегі құрылыс пен ағаш кесуге қарсы басталған шеру Түркия премьері Тайып Ердоғанның исламшыл саясатына деген наразылыққа ұласты. 3 аптаға созылған шерулерде 4 адам өліп, 8 мың адам жараланды.

Осы аптада түрік соты жұртты наразы еткен Гези паркіндегі құрылысқа тыйым салды.

Алайда парктегі құрылысқа қарсылық туғанына қарамастан, Түркия билігі жұмыстарды жалғастырғысы келеді. Өйткені үкімет құрылысқа тыйым салған сот шешіміне қарсы шағым түсірмек. 

Маусым айының басында Стамбулда, құрылыс орнын дайындау үшін Гези паркінде ағаштарды қию жұмыстары басталған еді. Бұған қала тұрғындары қарсылық жасады.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!