АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Фотография - АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының халықаралық әуежайында Boeing 777 жолаушылар ұшағы дұрыс қона алмай, жерге соғылған. Кем дегенде 2 адам қаза тапты деген ақпарат бар.

151 0

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының халықаралық әуежайында Boeing 777 жолаушылар ұшағы дұрыс қона алмай, жерге соғылған. Кем дегенде 2 адам қаза тапты деген ақпарат бар.

Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines ұшағы Сеулден Сан-Франциско қаласына ұшып келген. Бортта 291 пассажир мен 16 экипаж мүшесі болған.

Ресми қызмектерлердің хабарлауынша, қираған ұшақтан ондаған адамдар өз аяғымен қашып шыққан. 50 шақты адамның жағдайы нашар, олар ауруханаға жеткізілген.

CNN телеарнасының хабарлауынша, әртүрлі жарақат алғандардың жалпы саны - 182. 2 адамның мәйіті өртенген ұшақтың қасынан табылған. Паспорттарына қарағанда олар - Қытай азаматтары. Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жалпы саны - 305 адам.

Фотографиялардан ұшақ фюзеляжының төбесі өртенгені, ұшақ құйрығын бөлініп қалғаны көрінеді. 

Ресми өкілдер апаттың террорлық әрекет кесірінен болмағанын хабарлады.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!