Қытай: пара алған экс-министр өлім жазасына кесілді

Фотография - Қытай: пара алған экс-министр өлім жазасына кесілді

Қытайдың бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюнь өлім жазасына кесілді. Пекиннің Екінші халық соты дүйсенбі күні осындай шешім шығарды

279 0

Қытайдың бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюнь өлім жазасына кесілді. Пекиннің Екінші халық соты дүйсенбі күні осындай шешім шығарды. 

Қытайдың мемлекеттік Xinhua агенттігі бұл туралы шұғыл хабар таратты. Шешімге сәйкес Лю Чжицзюньға қатысты өлім жазасы екі жылдан кейін жүзеге асырылатын болады.

Бұрынғы теміржол министрі пара алып, қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін айыпталған.

Бұдан алдын, 2012 жылы Цзянси (Шығыс Қытай) провинциясының жауапты хатшысының бұрынғы орынбасары У Чжимин де парақорлықпен айыпталып, өлім жазасына кесілген болатын. Өлім жазасы оған да үкім шыққанан кейін екі жылдан соң орындалмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!