Әл-Барадеи вице-президент болуы мүмкін

Фотография - Әл-Барадеи вице-президент болуы мүмкін

Египеттің уақытша президенті Адли Мансурдың баспасөз хатшысы уақытша үкімет басшысы болып адвокат Зиад Бахауддин тағайындалуы мүмкін екендігін хабарлады

149 0

Египеттің уақытша президенті Адли Мансурдың баспасөз хатшысы уақытша үкімет басшысы болып адвокат Зиад Бахауддин тағайындалуы мүмкін екендігін хабарлады.

     

Баспасөз хатшысы Ахмад Мусалламанидің айтуынша, халықаралық атом агенттігінің бұрынғы басшысы, Нобель сыйлығының иегері, либерал саясаткер Мұхаммед әл-Барадеи вице-президент болып тағайындалуы ықтимал.

Бұдан алдын «әл-Барадеи премьер-министр болады» деген мәлімет тараған еді. Алайда салафилік «Нұр» партиясының оған үзілді-кесілді қарсы болғаны хабарланды.  

Биліктен шеттетілген Египет президенті Мұхаммед Мурсидің мыңдаған жақтастары жексенбі күні Каирдегі Наср-сити ауданындағы мешіт алдына жиылды. Олар Мурсиді билікке қайтаруды талап етті.

Египет әскерилері 3 шілде күні Мұхаммед Мурсиді "халықтың талабын орындай алмады" деп президенттіктен шеттетіп, елде жаңа сайлаулар өтетінін мәлімдеген. Уақытша президент қызметін атқару конституциялық кеңес төрағасы Адли  Мансурға тапсырылған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!