3 күн бойы жолбарыстар ағаш басындағы адамдарды күзетті

Фотография - 3 күн бойы жолбарыстар ағаш басындағы адамдарды күзетті

Индонезияда 5 адам жолбарыстар кесірінен 3 күн бойы ағаш басында отырды

273 0

Индонезияда 5 адам жолбарыстар кесірінен 3 күн бойы ағаш басында отырды.

Парфюмерия өндірісінде қолданылатын ағашты іздеп жүрген 6 кісі абайсыздан жолбарыстың баласын өлтіріп алады. Оны көрген жолбарыстар адамдарға жабылып, бірін өлтірген. Қалған 5 адам ағаштың басына шығып үлгеріпті. Ашынған жолбарыстар өз «тұтқындарын» 3 күн бойы күзеткен. Жергілікті тұрғындар өз бетінше көмек көрсете алмағандықтан, полицияны шақырған екен. Соңғы кезде елде жолбарыстар шабуылы жиілеп кетті. Сарапшылардың пайымдауынша, жыртқыштар тропикалық ормандарды шабу есебінен адамдар тұратын аймаққа қоныс аударған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!