Канадада пойыз жарылып, 13 адам көз жұмды

Фотография - Канадада пойыз жарылып, 13 адам көз жұмды

Канаданың Квебек провинциясында жүк пойызы апатқа ұшырап, салдарынан 13 адам көз жұмды

129 0

Канаданың Квебек провинциясында жүк пойызы апатқа ұшырап, салдарынан 13 адам көз жұмды. Бұл жайында Рейтер агенттігі хабарлайды.

Бұдан бұрын 5 адамның қайтыс болып, тағы 40 азаматтың жоғалып кеткендігі хабарланған болатын. Ал, оларды іздеуге төгілген мұнай кесірін тигізген.

Айта кетейік, жексенбі күні мұнай тасымалдаған жүк пойызы түнде Нант елдімекеніне тоқтап, машинистерін алмастырмақ болған. Алайда, 73 цистерна локомативтен ажырап, сайдан төмен қарай құлдилапты.

Төгілген мұнай сол сәтте отқа оранып, жарылыс орын алған. Тілсіз жау сол маңайдағы бірнеше үйдің күлін көкке ұшырыпты. Өрт сөндірушілер жалындаған отты тек дүйсенбі таңертең өшірген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жоғалып кеткен жандардың көпшілігі қаладағы көңіл көтеру орталығында болған. Ал, жарылыс Нанттағы 30 ғимаратты түкке жарамсыз етіп тастады. Екі мыңдай адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Полицейлер өрттің тым қатты болғандығынан кейбір мәйіттерді мүлдем таппауымыз мүмкін деп болжам жасауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!