Қытай генералының ұлына "қыз зорлады" деген айып тағылды

Фотография - Қытай генералының ұлына "қыз зорлады" деген айып тағылды

Қытай әскерінің белгілі генералының ұлына "топ болып қыз зорлады" деген айып тағылып отыр

215 0

Қытай әскерінің белгілі генералының ұлына "топ болып қыз зорлады" деген айып тағылып отыр. Бұл жайында Синьхуа агенттігі хабарлады.

Айыптаушы жақ 17 жастағы Ли Тяньи ақпан айында Пекин қонақ үйлерінің бірінде жолдастарымен бірге бір әйелді топ болып зорлаған дейді. Әзірге бес күдіктінің аты аталып отыр. Олар бұл қадамға бармастан бұрын спирттік ішімдік ішкен.

Осыдан екі жыл бұрын Ли бір жыл бойына түрмеде отырып шыққан болатын. Ол кезде генералдың ұлы көлігіне жол бермеген қыз бен жігітті көше ортасында сабап тастаған еді. Ал, өзі болса мемлекеттік номері жоқ BMW автокөлігінің тізгінінде болған.

Перзентінің оғаш қылығы үшін екі жыл бұрын генерал Ли Шуанцзян жәбірленушілерге өзі барып кешірім сұраған болатын. Оны Қытай халқы нағыз патриот деп біледі. Ал, еркеліктің шегінен шыққан ұлын "заңға бағынбайтын өзге шенеуніктердің балаларынан еш артықшылығы жоқ" деп есептейді екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!