Стамбулдағы шеруден Гези паркі қайта жабылды

Фотография - Стамбулдағы шеруден Гези паркі қайта жабылды

Дүйсенбіде ашылған Стамбулдағы Таксим алаңы мен Гези паркі бірнеше сағаттан кейін қайта жабылып қалды. Бұған наразылардың жаңадан ашылған паркте қайта жиналуы себеп болды

145 0

Дүйсенбіде ашылған Стамбулдағы Таксим алаңы мен Гези паркі бірнеше сағаттан кейін қайта жабылып қалды. Бұған наразылардың жаңадан ашылған паркте қайта жиналуы себеп болды.

Стамбул басшысы Хусейн Авни Мутлу дүйсенбіде үш апта бойы полиция  қоршауында болып, жабық тұрған Таксим алаңы мен Гези паркі қайта ашылатынын хабарлаған еді. Ол "полиция бұл жерде өтетін кез-келген заңсыз, рұқсат етілмеген жиын, митингіні қуып тарататынын" ескерткен.  

Қарсылық қозғалысының жетекшілері паркте дүйсенбі кешке наразылық шараларын өткізуге шақырған. Бірақ полиция наразыларға су мен көзден жас ағызатын газ шашып, таратып жіберді. 

Мамыр айының соңында Стамбулағы Гези паркінде сауда орталығын салуға наразылық туып, ол кейін Түркия үкіметіне қарсы шерулерге ұласқан еді. Маусым айының соңында түрік үкіметі демонстрацияларды тоқтату үшін күш қолдану туралы шешім қабылдады. Гези паркіндегі наразыларды полицияның күш қолданып таратуы халықаралық қауымдастықтың да алаңдаушылығын тудырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!