Өзбектер қазақ пен қырғыздан жер дауламақ

Фотография - Өзбектер қазақ пен қырғыздан жер дауламақ

Өзбекстан КСРО-ның тікелей мұрагері болуы тиіс

199 0

Өзбекстан бұрынғы КСРО елдеріне жер дауын айтып, мәселе көтеруі мүмкін. Осы елдің Рустамжон Абдуллаев атты азаматы мемлекет басшыларына осындай ұсыныс айтып отыр. Өзін экономика ғылымдарының докторы және академикпін деп таныстырған ол 12news.uz порталына көлемді мақала жазыпты.

Мақала авторының айтуынша, Өзбекстан КСРО-ның тікелей мұрагері болуы тиіс. Сондай-ақ, кезінде Алтын Орда билеп-төстеген барлық территория өзбек еліне қайтарылсын дейді ол. Өйткені, орыс тарихшылары ежелгі Өзбекстанды шатастырып "Алтын Орда" атап жіберген деп жазған Абдуллаев.

Оның сөзіне сенсек, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан өзбектерге тиесілі жер аумақтарын беруі тиіс көрінеді.

"Қазақстан Каспий теңізінен Өзбекстанға дейінгі аралықты қайтарғаны жөн. Біз онда өз шекарамызды бекітеміз, жүк және жолаушыларға арналған теңіз терминалдарын салуымыз керек. Ал, Қырғызстан болса бұрын Қоқан хандығының қарамағында болған, сол себепті түгел жерін Өзбекстанға беруі тиіс" дейді Абдуллаев.

Жұрттың жағасын ұстатқан "ғалым" тіпті Украина мен Армения да өзбектерге "жер қарыз" дегенді ұялмай айтып отыр. "Украина кезінде Алтын Орданың қарауында болған Қырым түбегін бізге қайтарсын. Ал, армяндар кезінде Түркістан автономиясын құлатуға атсалысқан. Сол себепті, олар да бізбен территория бөлісуі керек" дейді өзбек азаматы.

Uzmetronom деп аталатын жергілікті сайттардың бірінде Абдуллаевтің бұл мақаласын еш ақылға қонымсыз деп бағалап отыр. Ал, бұл мақаланы жариялаған 12news.uz сайтының жетекшілері бұдан бұрын мемлекет басшысының жақын адамдарының тізімінде болған. 


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!