Египетте парламент сайлауы жыл соңына дейін өтеді

Фотография - Египетте парламент  сайлауы жыл соңына дейін өтеді

Египеттің уақытша президенті Адли Мансур 8 шілдеде елдегі жаңа парламент сайлауын осы жылдың соңына дейін өткізуге жарлық шығарды. Мансурдың айтуынша, парламент сайлауы конституцияға түзетулер енгізуге қатысты референдум өткен соң ұйымдастырылмақ

229 0

Египеттің уақытша президенті Адли Мансур 8 шілдеде елдегі жаңа парламент сайлауын осы жылдың соңына дейін өткізуге жарлық шығарды. Мансурдың айтуынша, парламент сайлауы конституцияға түзетулер енгізуге қатысты референдум өткен соң ұйымдастырылмақ.

3 шілде күні әскерилер Мұхаммед Мурсиді президенттіктен шеттеткен еді, осы оқиғадан кейін Египет конституциясының күші тоқтатылды.

Дүйсенбіде Каирдегі тәртіпсіздіктер кезінде 51 адам оққа ұшқаны хабарланды. Ал 5 шілде күні Мұхаммед Мурси күзетке алынған Каирдегі әскери ғимараттың алдына оның жақтастары жиналып, Мурсиді босатуды талап еткен еді. Сол кезде атыс болып, Мурси жақтастары жараланған. Бұрынғы президентті қолдайтын "Мұсылман бауырлар" ұйымы "бірінші болып оқ атты" деп қорғаныс министрлігін кінәлайды.

АҚШ Египет әскерилерін "барынша төзімді" болуға шақырды. Ақ үйдің мәлімдеуінше, Вашингтон Египетке көрсетіліп жатқан көмекті тоқтатпайды.

Әскерилер Мурсиді орнынан алардан бірнеше күн бұрын Египетте қарсылық шерулері басталған еді. 2 шілде күні Каирде болған қақтығыс кезінде 23 адам қайтыс болды. Бірнеше күнге созылған қарсылық акциялары кезінде жалпы саны 39 адам қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін әскерилер президентке 3 күн ішінде (3 шілдеге дейін) наразы жақпен келісімге келу туралы талап қойды. Президент шартты орындамағаннан соң, әскер басшылары оны 3 шілде күні биліктен тайдырды. Қазір Египетте Мурсиді жақтаушылар мен оған қарсылар арасында қақтығыстар болып жатыр.

Египетте 2011 жылы ақпанда елді ұзақ уақыт басқарған Хосни Мүбәрәк халық қарсылығы нәтижесінде биліктен қуылды. Содан бері бұл елге келетін инвестиция көлемі азайып, негізгі пайда көзінің бірі - туризм тоқырап тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!