АҚШ әскері Ауғанстаннан мерзімінен ерте кетуі ықтимал

Фотография - АҚШ әскері Ауғанстаннан мерзімінен ерте кетуі ықтимал

Америкалық әскери контингент Ауғанстаннан 2014 жылдың соңына қарай жоспарланған мерзімнен ерте кетуі ықтимал

201 0

Америкалық әскери контингент Ауғанстаннан 2014 жылдың соңына қарай жоспарланған мерзімнен ерте кетуі ықтимал.

Мұндай мүмкіндікті АҚШ-тың баспасөзі жоққа шығармайды. The New York Times хабарлағандай, Вашингтондағы үкімет аталмыш орталықазиялық мемлекеттен әскерді шығару тәртібін жеделдету мәселесін шындап қарастыруда.

Басылымның мәліметтеріне сүйенсек, мұндай асығыстыққа АҚШ президенті Барак Обама мен ауған көшбасшысы Хамид Карзайдың арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы әсер еткен көрінеді. Бұған дейін, 2014 жылдың ақпанына қарай Ауғанстандағы 63 мың америкалық әскерилердің 34 мыңы үйіне оралады, қалған күштер жылдың соңына дейін шығарылады деп жоспарланған болатын.

Басылымның ақпарына қарағанда енді жағдай өзгерді және Обама «нөлдік нұсқаны» қарастыруда. Оған сәйкес жыл соңына дейін Ауғанстан аумағында бірде-бір америкалық сарбаз қалмайды, деп жазады ИТАР-ТАСС.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!