Қытайда егіздер 41 жылдан кейін табысқан

Фотография - Қытайда егіздер 41 жылдан кейін табысқан

Көрші Қытай елінде дәл осындай керемет жайт орын алды

181 0

Мұндайды тек үнді фильмдерінен көретінбіз! Яғни, егіздердің туыла салысымен айрылысып, ондаған жылдар өткеннен кейін қайта табысуы. Көрші Қытай елінде дәл осындай керемет жайт орын алды. 41 жыл бұрын өмірлері қос арнаға айырылған егіз сыңарлары жуырда бірін-бірі тапты.

Екеуінің кездесуі, тіпті Қытай секілді 2 миллиардқа жуық халқы бар алып мемлекетте бірін-бірі табуы әрине, күтпеген жайт. Ендеше оқиғаның қалай өрбігендігін айтайық...

Цзэн Юн мен Лю Йонгангтың ата-анасы кезінде сіңірі шыққан кедей болған деседі. Ал, отбасына бір емес, қос бірдей нәресте келгенде жас жұбайлар балалардан құтылудың амалын іздеген. 1972 жылы егіздер дүниеге келісімен ата-анасы оларды асырап алушыларға қуана-қуана беріпті.

Осы қырық жылдан астам уақыттан бері ағайындылар өздерінің сыңары бар екендіктерін мүлдем білмеген. Бірде Цзэн Юннің досы көрші жатқан Нэйцзян елді мекенінде (Сычуань провинциясы) оған қатты ұқсайтын ер азаматты кездестіргенін айтады. Алғашында Цзэн сенбепті. Кейін өз көзімен көргісі келіп, бұл тұратын Чэнду қаласынан 400 шақырым қашықтықта орналасқан Нэйцзянға келген.

4 миллион тұрғыны бар осынау қаладан Цзэн өз сыңарын оңай тапты. Автобус аялдамаларының бірінен ол Лю Йонгангты кездестіріп, сол жерде табысыпты. Лю көлік компаниясында менеджер қызметін атқарады екен.

Ал, табысып көріскеннен кейін егіздер өз аналарын іздеуге аттанған. Бұл жолы да олардың жолы болып, 74 жастағы әйелді көп қиналмай тауыпты.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!