Президент журналистерден әйелдер дәретханасына жасырынды,

Фотография - Президент журналистерден әйелдер дәретханасына жасырынды,

 Испандық «Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель журналистерден жасырынамын деп, әйелдер дәретханасына кіріп кетті.

254 0

 Испандық «Барселона» футбол клубының президенті Сандро Россель журналистерден жасырынамын деп, әйелдер дәретханасына кіріп кетті. 

Аталған оқиға 9 шілде күні испандық футбол клубы Корольдігінің ғимаратында орын алған. Федерация ассамблеясының отырысынан (орган жетекшілерінің) шыққан Россельге бір топ тілшілер қауымы сұрақ қойып, жауап алмақ болған. Алайда, «Барселона» президенті БАҚ өкілдерімен тілдеспеудің амалы ретінде, әйелдер дәретханасына кіріп құтылуды жөн деп тауыпты. Әккі операторлар бұл көріністі камераға жазып алып, әп-сәтте ғаламторға салып жібереді. Дегенмен, мұнда Россельдің дәретханаға «кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ...».

Ол аталған клубтың президенті лауазымына 2010 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын. Ал бұл қызметіне дейін клубтың вице-президенті және спорт менеджері секілді міндеттерді атқарып келген.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!