Бурджанадзе: Сайлауда жеңсем, Саакашвили қамалады

Фотография - Бурджанадзе: Сайлауда жеңсем, Саакашвили қамалады

 Грузия президенттігіне кандидат Нино Бурджанадзе «сайлауда жеңіске жетсе, қазіргі президент Михаил Саакашвили тұтқындалатынын» мәлімдеді. Бұрынғы парламент спикері және оппозициялық

175 0

 Грузия президенттігіне кандидат Нино Бурджанадзе «сайлауда жеңіске жетсе, қазіргі президент Михаил Саакашвили тұтқындалатынын» мәлімдеді. Бұрынғы парламент спикері және оппозициялық


«Демократиялық қозғалыс» партиясының жетекшісі бұл туралы 10 шілде, сәрсенбі күні Тбилисиде баспасөз жиынында айтты.

Бурджанадзе президент сайлауында жеңсе, Саакашвили басқаратын «Біріккен ұлттық қозғалыс» партиясының қылмыстық ұйым екенін дәлелдеу үшін тергеу бастайтынын айтады. Ол партия жетекшісі Саакашвилидің бірінші болып тұтқындалатынын да ескертті.

Өткен айда премьер-министр Бидзина Иванишвили журналистермен кездесуінде Саакашвилидің тұтқындалуы мүмкін екенін айтып қалған еді.

Өткен жылы қазанда Иванишвилидің «Грузия арманы» партиясы парламент сайлауында жеңіске жеткен соң, президенттің бірнеше жақтасы, оның ішінде бұрынғы премьер Вано Мерабишвили, «Біріккен ұлттық қозғалыс» партиясының хатшысы да тұтқындалған еді. Оларға бірнеше қылмыс бойынша айыптар тағылып отыр.

 


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!