АҚШ - та адам саудасымен айналысқан Сауд ханшайымы ұсталды

Фотография - АҚШ - та адам саудасымен айналысқан Сауд ханшайымы ұсталды

АҚШ - тың Калифорния штатының билік орындары сауд ханшайымы Мешаэль Алайбанды адам саудасымен айналысты деген айыппен тұтқынға алды. Егер ол кінәлі деп танылса 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот оған 5 млн. доллар айыппұл салып, Америка құрама штаттары аумағынан шықпау туралы шешім шығарған.

198 0

2012 жылы 42 жасар ханшайымның қызметшісі болған Кениялық азаматша бұрынғы қожайынының үстінен арыз жазады. Қызметшінің айтуынша, Сауд Арабиясына келген бойда қожайыны оның паспортын тартып алып, шартта келісілген уақыттан артығымен тынымсыз жұмысқа жеккен. Ол аздай мерзімі біткен соң, оны еліне қайтаруға ниет білдірмеген.

Алайбанның үйін тексере келген полицейлер үйде бостандықты аңсап жүрген тағы 4 филиппиндік азаматшаның барын анықтаған. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Кениялық азаматша мен филиппиндік қызметшілер Алайбанның отбасымен бірге АҚШ-тан 2013 жылы келген. Кениялыққа 1,6 мың доллар жалақы уәде еткен Алайбан, айына бар болғаны 200 доллар төлеп отырған.

Тегтер:

А

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!