«Фукусима» АЭС-інде радиация деңгейіартуда

Фотография - «Фукусима» АЭС-інде радиация деңгейіартуда

Жапондық «Фукусима-1» АЭС-те радиоактивті бөлшектердің жиналғаны анықталды

224 0

Жапондық «Фукусима-1» АЭС-те радиоактивті бөлшектердің жиналғаны анықталды. Tokyo Electric Power энергокомпания-операторының хабарлауынша, радиоактивті бөлшектер жерасты қоймасының маңындағы техникалық құдықтың суынан табылды. Ол жерде осы жылдың сәуір айында зиянды заттар аққан, деп хабарлады РОСБАЛТ.

Онда радиация деңгейі белгіленген мөлшерден бес есе артық.

Аптаның соңынан бері мамандар атом стансасы аумағындағы жер асты суының радиация деңгейіне мониторинг жасау үшін жаңа технологиялық құдықтар жасауда. Белгісіз себептермен Цезий изотоптарының мөлшері 90 есе артқан.

Сондай-ақ, радиоактивті судың Тынық мұхитына ағып кетуі мүмкін деген болжам бар. Дегенмен, сүзгілердің барлығы үздіксіз жұмыс істеуде. Қазіргі таңда компания-оператор жағдайға сараптама жүргізіп, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

жапония

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!