90 мысық артып алған контрабандашы ұсталды

Фотография - 90 мысық артып алған контрабандашы ұсталды

Таиландтың тәртіп сақшылары 90 мысық артылған жүк көлігін ұстады

106 0

Таиландтың тәртіп сақшылары 90 мысық артылған жүк көлігін ұстады.

Жүк көлігі Накхонпханом провинциясының бекетінде қолға түсті. Тексеру барысында ішінде мысықтары бар 6 пластикалық тор табылды. Жүргізушінің түсіндіруі бойынша оған мысықтарды Лаос шекарасының маңындағы Меконг өзеніне дейін жеткізіп беруді сұрап, 60 АҚШ долларын төлеген.

Тәртіп сақшыларының болжамына сүйенсек, мысықтар контрабандалық жолмен Вьетнамға жеткізілмек болған. Оның еті бұл елде жоғары бағаланатын көрінеді. Вьетнамдағы көптеген мейрамханаларында Тайландтан әкелінетін мысықтар мен иттердің еттерінен түрлі тағам әзірленеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!