АҚШ Мысыр жағалуына екі әскери кеме жіберді

Фотография - АҚШ Мысыр жағалуына екі әскери кеме жіберді

Екі АҚШ әскери кемесі Мысыр жағалауына қарай жақындады, деп хабарлады Newsru.com Теңіз әскері корпусының бас қолбасшысы генерал Джеймс Амосқа сілтеме жасай отырып.

154 0

Екі АҚШ әскери кемесі Мысыр жағалауына қарай жақындады, деп хабарлады Newsru.com Теңіз әскері корпусының бас қолбасшысы генерал Джеймс Амосқа сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, Қызыл теңіз ауданына «San Antonio» және «Kearsarge» десант кемелері жіберілді. Олар Бахрейн жағалауында тұрған «Carter Hall» кемесімен бірге өткен жылдың мамыр айынан бері Қызыл теңіз, Африкалық мүйіз және Парсы шығанағы ауданында әскери вахтада жүр.

«Мысыр дағдарысқа шалдықты. Осындай оқиғалар болғанда біз жағдайды бақылау үшін қандай да бір амалдар қолдануымыз керек», - деді Амос. Дегенмен, ол АҚШ-тың нақты нені қарастыратынын анықтап айтқан жоқ. Кемелердің жағалауға жақын орналасуы қажет жағдайда тікұшақтар мен басқа техниканы пайдалануды жеңілдетеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!