JIR: Сауд Арабиясында зымыран ұшыратын алаң табылды

Фотография - JIR: Сауд Арабиясында зымыран ұшыратын алаң табылды

Лондонда орналасқан танымал Jane's Intelligence Review (JIR) журналы Сауд Арабиясында бұрын белгісіз болған зымыран ұшыруға арналған алаң табылғаны туралы хабарлады.

319 0

Лондонда орналасқан танымал Jane's Intelligence Review (JIR) журналы Сауд Арабиясында бұрын белгісіз болған зымыран ұшыруға арналған алаң табылғаны туралы хабарлады.

Бейсенбіде жария болған материалда ұшыру алаңы ел астанасы Эр-Риядтан оңтүстік-батысқа қарай 200 километр қашықтықта орналасқаны айтылады. Бұл жерден ұшырылған зымырандар Израиль мен Иранға бағытталуы мүмкін. Материалда Иран мен Израильге бағытталып тұрған зымыран ұшатын тұғырлардың спутниктен түсірілген суреттері қоса берілген.

Шииттер басқаратын Иран - Сауд Арабиясымен бұрыннан бақталас. Сауд Арабиясын сүнниттік исламның консервативті формасы - салафиттікті ұстанатын король әулеті басқарады.

Эр-Рияд пен Тель-Авив Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық білдіреді. Сауд Арабиясы мен Израиль - Батыстың жақын одақтастары.

Сауд Арабиясының билігі әзірге зымыран алаңына қатысты ақпаратқа қатысты түсінік бермеді.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!