Рамазанда британдық «Channel 4» ұлттық арнасында ай бойы азан шақырылады

Фотография - Рамазанда британдық «Channel 4» ұлттық арнасында ай бойы азан шақырылады

Британдық мұсылмандар 2013 жылдың қасиетті Рамазан айын бүткіл корольдік ауқымында атап өтпек.

215 0

Британдық мұсылмандар 2013 жылдың қасиетті Рамазан айын бүткіл корольдік ауқымында атап өтпек.

Қасиетті айдың құрметіне арнап «Channel 4» ұлттық арнасында бүкіл ай бойы азан шақырылатын болады. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлап отыр.

«Бұған дейін бір де бір телеарна бүкіл Тұманды Альбион аумағына азан дауысын таратпаған еді. Сонымен қатар, «Channel 4» арнасында мұсылмандарға арналып «A Very British Ramadan» (нағыз Британдық Рамазан) атты бағдарлама көрсетіледі деп күтілуде. «A Very British Ramadan» бағдарламасын регбидің бұрынғы ойыншысы Рашид Хан жүргізетін болады. Бұл бағдарламада ол Ұлыбританияның түкпір-түкпірін аралап, мұсылмандардың өмірімен жақын таныстыратын болады», - деп жазады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!