Шылым 21 ғасырда 1 миллиард адамның түбіне жетеді

Фотография - Шылым 21 ғасырда 1 миллиард адамның түбіне жетеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Жаһандық шылым эпидемиясы» атты баяндамасында осындай қорытынды жасаған. Ұйымның мәліметіне сүйенсек, темекінің зардабынан жылына 6 миллион адам қаза табады. Сондай-ақ, темекі өнімдерін пайдаланудан келетін экономикалық шығын жылына 500 миллиард долларды құрайды екен

207 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Жаһандық шылым эпидемиясы» атты баяндамасында осындай қорытынды жасаған. Ұйымның мәліметіне сүйенсек, темекінің зардабынан жылына 6 миллион адам қаза табады. Сондай-ақ, темекі өнімдерін пайдаланудан келетін экономикалық шығын жылына 500 миллиард долларды құрайды екен.

Баяндама авторлары «егер адамзат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекімен күрес конвенциясына қосылатын болса, 1 миллиард адамның өмірі өлімнен аман қалады» деп есептейді. «Шылым адамды ажалынан бұрын қабірге кіргізетінін білеміз. Десек те, бұл эпидемиямен күресетін тиімді жолдар бар», – делінген баяндамада.

Ұйым темекімен күресудің бірнеше әдісін ұсынып отыр. Атап айтсақ, мемлекеттерде темекі тұтынуды шектеудің ұлттық саясатын қалыптастыру, темекіден құтылғысы келетін жандарға қол ұшын беру, шылым жарнамасына және демеушілігіне тыйым салу, темекі өнімдеріне деген салықты арттыру.

Олардың ойынша, темекімен күрестің тиімді тәсілі қоғамдық және жұмыс орындарында шылым шегуге тыйым салу, деп жазды muslim.kz сайты


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!