Қытайда шеруден соң уран зауытынан бас тартты

Фотография - Қытайда шеруден соң уран зауытынан бас тартты

Қытай билігі жүздеген адам наразылық білдіріп, шеру өткізгеннен кейін уран өңдеу зауытын салу жоспарынан бас тартты

136 0

Қытай билігі жүздеген адам наразылық білдіріп, шеру өткізгеннен кейін уран өңдеу зауытын салу жоспарынан бас тартты.

Бұл туралы сенбі күні ел оңтүстігіндегі Хешан қаласы әкімшілігінің ресми сайтында жарияланды.

Онда жергілікті биліктің «халық тілегіне құлақ аса келе» Қытай ұлттық ядролық корпорациясының жобасын қолдамайтындығы айтылған.

Жұма күні жүздеген адам қала көшелеріне шығып, уран өңдеу зауытын салуға қарсылық акциясын өткізген еді. Уранды конверсиялау және байытуды қоса қамтитын бұл жобаның құны 6 млрд доллар деп хабарланған.

Қытайда 30 жылдан бергі өндіріс салдарынан ластану деңгейі өсіп, соңғы кездері экология мәселесін көтерген шерулер мен шаралар жиілей түсті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!