Халықаралық комиссия Антарктика жағалауында әлемдегі ең ірі теңіз қорығын жасау мәселелерін талқылауда

Фотография - Халықаралық комиссия Антарктика жағалауында әлемдегі ең ірі теңіз қорығын жасау мәселелерін талқылауда

 Бремерхафенде (Германия) Антарктика тірі теңіз ресурстарын сақтау жөніндегі халықаралық комиссияның арнайы ғылыми отырысы басталды.Шара 16 шілдеге дейін созылады

261 0

 Бремерхафенде (Германия) Антарктика тірі теңіз ресурстарын сақтау жөніндегі халықаралық комиссияның арнайы ғылыми отырысы басталды.Шара 16 шілдеге дейін созылады деп хабарлады Лента.ру.

Әңгіме Росса теңізі деп аталатын көлемі 2,3 миллион шаршышақырымды алып жатқан аумақ жөнінде болып отыр. Осы теңіздің экожүйесі әлемдік мұхиттың бірегей тұмса табиғаты болып саналады. Сонымен қатар Антарктиданың жағалауында көлемі 1,63 миллион шаршышақырымдық бірнеше ауданды қорғауға алу ұсынылуда. Бұл аймақтарда көптеген тірі организмдер (10 мыңнан астам) тіршілік етеді, соның ішінде пингвиндер, киттер және теңіз мысықтары бар.

Оңтүстік мұхит - Антарктиканы қоршаған сулардың шартты атауы. 2000 жылы Халықаралық гидрогеографиялық ұйым Оңтүстік мұхитты ресми тану туралы дауыс беру өткізді. Оған анықтама ретінде «оңтүстік ендіктің 60-паралелінен оңтүстікке қарай су алабы» ұсынылды.


Тегтер:

Германия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!