Мексика президенті бұқаралық жүгіруге қатысты

Фотография - Мексика президенті бұқаралық жүгіруге қатысты

46 жасар Мексика президенті Энрике Пенья Ньето Мехикодағы саябақтардың бірінде өткен 10 шақырымдық бұқаралық жүгіруге қатысты

319 0

46 жасар Мексика президенті Энрике Пенья Ньето Мехикодағы саябақтардың бірінде өткен 10 шақырымдық бұқаралық жүгіруге қатысты.

1 нөмірлі спорттық киім киген мемлекет басшысы 10 шақырымдық жолды бас-аяғы 54 минутта жүгіріп өткен.

Жүгіру кезінде президенттің жанында сақшылары мен елдің қорғаныс министрлігі бас штабының бастығы еріп жүрді. Алайда, бас штаб бастығы 5 шақырымнан әріге бара алмай, бас қолбасшыдан қалып қойды.

Molino del Rey эстафетасы Мехикода жыл сайын өткізіліп тұрады. Шараны өткізудегі негізгі мақсат – жергілікті халыққа салауатты өмір салтын насихаттау. Президент жеңімпаздарды марапаттай келе, мексикалықтардың әлемдегі ең семіз халық атанғанын өкінішпен тілге тиек етті. Ол өз отандастарын спортпен айналысып, жеген тамақтарына жіті мән беруге шақырды, деп жазды baq.kz .

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!