Блоггерлер салық төлейтін болды

Фотография - Блоггерлер салық төлейтін болды

 Күзде РФ Мемлекеттік Думасында жаңа заңнама қаралады, оған сәйкес, танымал блогтар БАҚ-қа теңестіріледі.

171 0

 Күзде РФ Мемлекеттік Думасында жаңа заңнама қаралады, оған сәйкес, танымал блогтар БАҚ-қа теңестіріледі.

Мемлекеттік Думаның Ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Митрофановтың айтуынша, кейбір блогтар бұқаралық ақпарат құралдары секілді аудитория жинап үлгерген.

«Көптеген танымал блоггерлер сыйақыға жасырын жарнама орналастырады, алайда, салық төлемейді», - дейді Митрофанов.

Оның айтуынша, салық ең бірінші «Живой журнал» парақшалары мен «Эхо Москвы», «Лента» сайттарындағы блогтарға салынады.

Блоггерлерге міндет жүктеледі, есесіне олар БАҚ мәртебесін алады және мемлекет тарапынан қорғалады. Алайда, бұл мәртебеге тек 10 мыңнан астам пайдаланушысы бар блоггердің парақшалары ие болуы мүмкін.

Қазақстанда әрбір парақша БАҚ болып саналады - деп хабарлайды Bag.kz


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!