Мұхаммед Мурсиді қызметіне қайтаруды талап етуде

Фотография - Мұхаммед Мурсиді қызметіне қайтаруды талап етуде

Египетте биліктен шеттетілген президент Мұхаммед Мурсиді қызметіне қайтаруды талап етіп Каирдегі 6-қазан көпіріне қарсылық шеруіне шыққандарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды

261 0

Египетте биліктен шеттетілген президент Мұхаммед Мурсиді қызметіне қайтаруды талап етіп Каирдегі 6-қазан көпіріне қарсылық шеруіне шыққандарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.

Бұған дейін, шілденің 15-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс Каирде Египеттің қазіргі билік өкілдерімен келіссөздер өткізген еді. Египетте билік ауысқалы бері ресми Вашингтонның атынан келіссөздер өткізуге келген АҚШ-тың жоғары лауазымды алғашқы шенеунігі Египеттің әскери басшылық өкілдері және уақытша үкімет мүшелерімен кездесті.

Бернс Египеттегі жік-жікке бөлінген фракцияларды өзара диалог өткізуге және елдегі зорлық-зомбылықты тоқтатуға, билікті – саяси тұтқындауларды доғаруға шақырды.

Исламшыл саяси қозғалыстар, солардың қатарында Мұхаммед Мурсиді қолдайтын «Мұсылман бауырлар» партиясы, сонымен бірге Мурсиге қарсы болып отырған реформашылар АҚШ-тың ресми өкілімен келіссөздер өткізуге ықылас танытпады.

Египетте халық көтеріліске шығып, саяси жағдай ушыққан соң, шілденің 3-і күні әскерилер президент Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттетіп, конституцияның күшін жойған еді. Билікті өз қолына алған уақытша үкімет жаңа конституция түзіп, сайлау өткізуге шақырды.

Бірақ Мурсиді қолдайтын «Мұсылман бауырлар» партиясы мен оның одақтастары Мурси билікке қайта келмейінше наразылық шерулерін жалғастыра беретіндерін мәлімдеген - деп хабарлады azattyq.org.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!