АҚШ Ресейден Сноуденді беруді тағы сұрады

Фотография - АҚШ Ресейден Сноуденді беруді тағы сұрады

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденді беруді ресми Вашингтон Ресейден тағы да сұрады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни Сноуденді «саяси қуғынға түскен құқық қорғаушы да, диссидент те емес» деп атады.

283 0

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденді беруді ресми Вашингтон Ресейден тағы да сұрады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни Сноуденді «саяси қуғынға түскен құқық қорғаушы да, диссидент те емес» деп атады.

«Ол АҚШ-қа қайтып, мемлекеттің меншігін ұрлады және құпия мәліметтерді жариялады деген айыптар бойынша сот алдында жауап беруі тиіс» деп мәлімдеді Карни.

Ресейдің федералдық миграция қызметі Сноуденнің Ресейден уақытша баспана сұрап 16 шілдеде берген өтініші алдағы үш ай мерзім ішінде қаралатынын хабарлаған. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин «өз іс-шараларымен Сноуденді біздің жерде қамап қойды» деп АҚШ-ты кінәлаған еді.

Сноуден өткен аптада Мәскеудегі Шереметьево әуежайында Ресейлік және шетелдік құқық қорғаушылармен кездескеннен соң, оны паналатуға келіскен Латын Америкасындағы елдердің біріне жеткенге дейін Ресейден уақытша баспана сұрамақшы деп хабарланған.

Маусымның 23-і күні Гонконгтен Ресейге ұшып келгеннен бері Шереметьево әуежайының транзит аумағында тұрып жатқан Элвард Сноуденге АҚШ-та барлау қызметінің құпия бағдарламасын әшкерелегені үшін «тыңшылық жасады» деген айып тағылып, іс қозғалған.

Биыл Сноуден АҚШ арнайы қызметінің түрлі елдердегі азаматтардың интернеттегі және телефондағы байланыстарын жасырын тыңдайтын құпия бағдарламасын жұртшылыққа жария еткен. Бағдарлама халықаралық деңгейде жанжал тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылық білдірген.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!