Ресей қымыздың отанына айналмақ

Фотография - Ресей қымыздың отанына айналмақ

Ресейлік миллиардер Сергей Веремеенко Еуропа нарығына қымыз сатуды қолға алды. Оның 700-ден астам биелері оны Еуропаға танымал етіп үлгерді

116 0

Ресейлік миллиардер Сергей Веремеенко Еуропа нарығына қымыз сатуды қолға алды. Оның 700-ден астам биелері оны Еуропаға танымал етіп үлгерді деп жазды baq.kz «Экспресс К» газетіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 2000 жылқысы бар Сергей оны 50 мыңға дейін жеткізбекші. Оның ойынша, осындай көлемдегі жылқы Еуропа нарығын қымызбен қамтамасыз етуге жетеді екен. Қазіргі уақытта Ресейдің әр өңірлерінен қымыз зауыттарын ашуды қолға алған миллиардер Ресей қымыздың отанына айналатынына сенімді.

«Тверь облысында біздің аң шаруашылығымен айналысатын жеріміз болған. Енді сол жерде жылқы шаруашылығын дамытуды қолға аламыз» дейді Сергей Веремеенко.

Ол өзінің бұл шаруашылығын бастау үшін Рязань ғылыми-зерттеулер институтының профессоры Елена Гладкованы шақырған. Профессор қымыздың дәмін ресейліктерге ыңғайластырып, қоспалар арқылы өңдеген. Нәтижесінде қымыз жұмсақ әрі екі аптадан астам уақытқа дейін дәмін бұзбай сақталатын болған.

Сонымен қатар, миллиардер Мордовия халқының маскүнемдерін қымызбен емдеп, алғыстарына ие болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!