PayPal қолданушысына қателесіп 92 квадриллион доллар жөнелткен

Фотография - PayPal қолданушысына қателесіп 92 квадриллион доллар жөнелткен

PayPal халықаралық төлемақы жүйесі қателесіп өзінің бір қолданушысына 92 квадриллион доллар жөнелткен, деп хабарлайды CNN агенттігі.

209 0

PayPal халықаралық төлемақы жүйесі қателесіп өзінің бір қолданушысына 92 квадриллион доллар жөнелткен, деп хабарлайды CNN агенттігі.

Америкадағы Пенсильвания штатының тұрғыны Крис Рейнолдс жер бетіндегі ең бай адам мексикалық медиамагнат Карлос Слимнен де ауқатты болып шыға келген. Карлостың 67 миллиард доллар байлығы оған «шайлық» болып қалған.

Крис Рейнолдстың өзінің айтуына қарағанда, ол PayPal жүйесіндегі есеп-шотында 92,233,720,368,547,800 доллар жатқаны жөніндегі хабарлама алғанда бұл біреулердің әзілі шығар деп ойлаған. Кейін балансын тексергенде  өте көп соманың мөлшерін көрген. Бұған дейін ол PayPal-дағы есеп-шотында eBay арқылы көлігінің шиналарын сатқаннан түскен мың доллардан артық сома болмаған екен.  PayPal қызметкерінің техникалық қате жібергенін мойындап, Рейнолдске қайырымдылыққа мақсатын өзі анықтайтын біршама қаржы бөлетінін айтып ұсыныс жасаған.

Журналистер Крис Рейнолдстен «есеп-шотыңда 17 қатарлы саннан тұратын квадриллион доллар расымен болса не істер едің?» деген сұрағына ол «АҚШ-тың мемлекеттік қарызын төлеп берер едім» деп әзілдепті. Американың қарызы қазір 16 триллион доллар шамасында.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!