АҚШ-тың тағы бір қаласы банкрот болды

Фотография - АҚШ-тың тағы бір қаласы банкрот болды

 Америкалық Детройт қаласының (Мичиган штаты) басшысы Кевин Орр бейсенбі күні федералдық сотқа қаланың банкроттығы туралы өтініш білдірді.

255 0

 Америкалық Детройт қаласының (Мичиган штаты) басшысы Кевин Орр бейсенбі күні федералдық сотқа қаланың банкроттығы туралы өтініш білдірді. Егер ол өтініш қолдау тапса, Американың автокөліктер астанасы АҚШ тарихындағы банкротқа ұшыраған тұңғыш ірі қала деп танылады.

«Ақпан айында Американың автокөліктер астанасының қаржылық жағдайын сараптаған арнайы комиссия Детройттың бюджеттік тапшылығы 327 млн долларға, ал жалпы қарызы 14 млрд долларға жетті деген тоқтамға келген», - делінген хабарламада.

Мегаполис, комиссияның қорытындысына сәйкес, қаржылық дағдарыстың шегіне жетті, ал жергілікті билік тығырықтан шығарар жол таппай отыр. Мичиган губернаторы Рик Снайдер комиссия қорытындысымен келісіп, қалаға сыртқы дағдарысқа қарсы басқару енгізу жөнінде шешім қабылдады.

Кевин Орр өз міндетіне наурыз айында кіріскен болатын. Қаланы тұмшап алған қарыздан шығару үшін оған бірқатар шешімдер қабылдауда еркіндік берілді. Атап өтетін болсақ, оның бақылауына осыған дейін мэрияның қарамағында болған қаланың бюджеті толығымен өтті, сондай-ақ ол қала мен кәсіподақтар арасында бекітілген еңбек келісімшарттарына өзгерістер енгізуге құзырлы еді. Оған қоса Орр қала активтерін сатып, үнемдеу мақсатында шенеуніктердің жалақысын қысқарту мүмкіндігіне де ие болды.

Орр «моторлар қаласының» мүшкіл жағдайын 1,5 жылдың ішінде түзеп шығам деп сенді – Мичиган заңдарына сәйкес оған дәл осыншалықты уақыт берілген болатын. Алайда қала тап болған күрделі жағдай оны маусым айында-ақ қарыздардың жартысын өтеуге мараторий енгізуге мәжбүрледі. Сол кезде Орр Детройт кредиторларына әр долларға 0,1 доллардан жекелей өтеу туралы ұсыныс жасаған, алайда олардың көбі ондай қомақты шығынға ұшырағылары келмей, ұсыныстан бас тартты. Осыдан кейін қаланы банкрот деп жариялаудан басқа амал жоқ екені анық байқалды.

Детройт қырық жыл бұрын-ақ қырғынға ұшырай бастаған. Себебі қаланың тамырына қан жүгіртіп тұрған жалғыз өндіріс – машина жасау саласы – нарықтың қатаң талаптарына төтеп бере алмай, нарашлай түсті. Қазіргі уақытта қалада 700-ден астам адам тұрып жатыр, осыдан он жыл бұрын-ақ мегаполис тұрғындарының саны 1,8 млн-нан асатын. Оған қоса, жергілікті тұрғындардың 83 пайызын қара нәсілді халық құрайды екен. Детройт тұрғындары санының азаюына байланысты қала бюджетіне түсетін салық көлемі де қысқарып, қылмыс өршіп кетті. «Моторлар қаласы» бұрыннан Американың қылмыстық астанасы деп саналатын – мұндағы қылмыстық деңгей орташа америкалық деңгейді бес орап алатын көрінеді.

Осымен, Детройт сыртқы дағдарысқа қарсы басқару енгізілген Мичиганның алтыншы қаласы деп танылды. Оған дейін штат билігі осындай шараларды Понтиак, Флинт, Экорс, Ален-Парк пен Бентон-Харбор қалаларына қатысты қолданған еді - деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!